Қарауылтөбеде игілікті істер көп

Қарауылтөбеде  игілікті істер көпҚызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған баспасөз турында БАҚ өкілдері көз жеткізіп қайтты.
Қызылорда қаласы ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламася аясында Ораз Бейісов есімді азамат 1,5 млн.теңге шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырса, 7 азамат қоғамдық жұмыспен жұмыс жасауда. Сондай-ақ, бағдарлама аясында 5 ауыл тұрғыны кәсіптік даярлаудан, 1 жас «Жастар тәжірибесінен» өтуде. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Күлпаш Әбілқайырова 6 млн.теңге несие алып, ауылда наубайхана ашуда. Одан өзге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдағы 1,5 млн. теңгеге 1 көше жарықтандырылуда және жыл соңына дейін 6,6 млн.теңгеге балалар ойын алаңы салынады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 шілде 2014 г. 698 0