« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордалықтардың 95 проценті тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру деңгейіне қанағаттанады. Ал 80 проценті қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп санайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов әлеуметтанушылардың зерттеу нәтижесін ұсынды. Одан бөлек, бірнеше бағыттағы жұмыс жайына тоқталды.
Келесі жылдың шілдесінде Сыр өңірі ұлттық цифрлық телехабар тарату жүйесіне толық қосылмақ. Қазіргі күні меже 92 процентті құрап отыр немесе 130 мыңнан астам абонент аталған жүйе қызметін қолданады.
Аймақтың медиа кеңістігінде 100-ден астам бұқаралық ақпарат құралы болса, соның 90-ға жуығы баспа түрінде жарық көреді. Бүгінде сала өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейін Қайнар Олжай, Нұртөре Жүсіп, Серік Жанболат секілді журналистика майталмандары шеберлік дәрістерінде тәжірибе-білімдерімен бөлісті.
Басқарма басшысы әлеуметтік желі қызылордалықтар үшін наразылық білдіріп, сын-ескертпе айтатын маңызды ақпарат алаңына айналғанын атап өтті.
– Биыл он айда 2 мыңнан астам сыни пост жарияланды. Оларға дер кезінде жауап берілді. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілерде қала, аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалардың ресми парақшалары ашылды. Ұсыныс-пікір, сын-ескертпе, талап-тілектің ешқайсысы назардан тыс қалмайды, – деді Т.Маханов.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау саласында да біршама жұмыс атқарылды. Қыркүйекте облыстық ономостика комиссиясының отырысы өтіп, онда 100-ден астам ұсыныс қаралды. Нәтижесінде 65 көше мен 5 объектіге оң қорытынды берілді. Үкімет қаулысымен Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп ғалым Байзақ Момынбаевтың есімімен аталатын болды.
Шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тіл үлесі жергілікті атқарушы органдарда 99,5 процентті, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 98,7 процентті көрсетті. Облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы 1800-дей адам арнайы курстарда оқыды. ҚазТест жүйесі бойынша мемлекеттік және бюджеттік саланың 300 қызметкері диагностикалық, 278 адам сертификаттық тестілеуден өтті.
Басқарма басшысы осы айдың соңына қарай облыстық «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы болатынын жеткізді.
– Онда қалалық және аудандық кезең жеңімпаздары «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Ерен еріктілік», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы» атты 5 номинация бойынша марапатталады. Сыйлық иегерлері республикалық кезеңге ұсынылады, – деді ол.
Назерке Саниязова.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |