Шиеліде мия өсімдігі тамыры өңделеді

Шиеліде мия өсімдігі тамыры өңделедіШиелі ауданы индустриалды-өнеркәсіпттік аймақ екені белгілі. Индустрияландыру картасы шеңберінде биылғы жылы аймақтық үйлестіру кеңесімен құны 1 млрд. 618 млн. теңгенің 4 жобасы мақұлданды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобалық құны 612 млн. теңгені құрайтын «Мия Шиелі» ЖШС-ның мия өсімдігі тамырын өңдеу зауыты ағымдағы жылдың қаңтар айында аймақтық үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алып, картаға енгізілді. Жаңа жұмыс орындары – 50. Қазіргі таңға жер телімі алынып құрылыс жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жылдық қуаттылығы 250 тонна мия тамырын ұнтақтау жоспарлануда.
Жеке кәсіпкер Бөкенбаева Үміттің жобалық құны 3,6 млн. теңгенің кіші балық өсіру тәлімбағы (питомнигін) жобалары аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып мақұлданды. Жаңадан 4 жұмыс орны ашылып, жылына 2,5-3 млн. шабақ өсіру жоспарлануда. Қазіргі таңға «Бизнсетің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алынып, 1 жүк көлігі, 8 шабақ өсіретін контейнер, инкубациялық аппарат алынып, карп тұқымдас балығының 500 мың шабақ, беломор балының 300 мың шабағы өсірілуде. Арал ауданына 30 карп балығы алынды.
«Шиелі тас» ЖШС-ның жобалық құны 602 млн. теңгені құрайтын силикат кірпіштерін өндіру зауыты жобасы аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып мақұлданды. Жаңадан 59 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңға жер телімі құжаттарын дайындалуда.
Тағы бір игі бастама «Шиелі сапаржайы» ЖШС-ның жобалық құны 400 млн. теңгелік халықаралық туристік сапаржай құрылысы, халықаралық туристік сапаржай іске қосылған кезде жаңдана 32 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңға жер телімі құжаттарын дайындалуда.
Сонымен бірге: өңірлік индустрияландыру картасына ұсыну үшін 2 жоба ұсынылуда. Атап айтқанда, «Тұлпар 2000» ЖШС-ның жобалық құны 354 млн. теңгелік асфальт-бетон зауытының құрылысын бастау үшін құжаттары жинақталуда. «Жолдасов» шаруа қожалығының жобалық құны 82,7 млн. теңгелік комбикорм цехының құрылысы, мал бордақылау пунктінің құжаттары жинақталуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 шілде 2014 г. 1 515 0