« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Сыр өңірі тұнған шежіре» тақырыбында оқушылар арасында олимпиада өтті. Олимпиадаға үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі, №11, Ә.Мүсілімов атындағы №101, 268 мектеп-лицейлерінің 10-сынып оқушылары қатысты.
Олимпиадада оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп, бір тақырыпта жазылған зерттеу жұмысын қорғады. Бұл орайда оқушының ізденісі мен сауаттылығы, ғылыми негізге сүйенуі, архив қорынан тың деректерді пайдалана білуі, сөздік қоры мен сөйлеу мәнері, ойын еркін жеткізе білуі ескерілді.
Шара қорытындысымен І орынды Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің оқушысы Бағлан Ахметова, ІІ орынды №11 мектеп-лицейдің оқушысы Дильназ Нұрадин иеленсе, ІІІ орынды «Мұрагер» мектебінің оқушысы Мағжан Өскенбай және №268 мектеп-лицейінің оқушысы Аида Нәрзілда бөлісті. Сонымен қатар, «Үздік эссе», «Ынталы зерттеуші», «Зерделі жұмыс», «Ұшқыр ойлы қалам» жүлделері бойынша алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.
Оқушылардың шығармашылық еңбегіне облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Н.Әбілдаев, облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Н.Қуанышева, облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ғ.Әбілда, қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы, «Жас архивистер және тарихшылар» клубының мүшесі Ж.Дүйсенова және №264 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Әмірова баға берді.
Шараны қорытындылаған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Әбілдаев бұл олимпиада оқушылардың архив қорындағы деректер арқылы Сыр өңірі тарихын зерттеп, оқу-танымдық қабілетін ынталандыруға септігін тигізетінін айтты. Дарынды оқушылардың шығармашылығын, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара нәтижесі ізденістің ізсіз кетпейтінін көрсетті.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |