Алаяқтық жасаған 242 адамның 160-ы – әйел

Жыл басынан бері аймақта ғаламтор желісі арқылы жасалған алаяқтықтың 189 дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыскерлер Whats App мессенджері арқылы жалған жобалар сайттарын ашқан. Есеп-шотқа ақша салса, үстеме ақымен қайтарылатынына сендіріп, ақша иемденген.
Мысалы, Г.К. осындай қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған Қызылорда қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 10 айында алаяқтық жасағаны үшін ұсталған 242 адамның 160-ы – әйелдер.      
«Алаяқтық қылмысын ашуда қиындық тудыратын мәселе – жәбірленушілердің кеш арыздануы. Есепті мерзімде алаяқтық қылмысы бойынша 26 азамат құзырлы органдарға уақыт өткізіп арызданған. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей азаматтардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімдігін, құқықтық сауаты төмендігін ескере кетуіміз керек. Міне, осы жайттардың барлығы алаяқтың арбауына түсуіне мүмкіндік тудырады», – деп ескертеді құқық қорғау органы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2019 г. 643 0