Жалағаш. Ауданда «Алтын күз» мерекесі атап өтілді. Онда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, еңбек майданында үздік шыққан озаттар марапатталды.
Жәрмеңке барысында жерден несібе терген диқан қауымы өз өнімдерін базар бағасынан 10-15 пайызға арзан саудалады. Мәселен, жергілікті тұрғындар картопты 60, сәбізді 70, пиязды 45, күрішті 100 теңгеден сатып алды.
Үстіміздегі жылы Жалағаш ауданы облыс бойынша екінші орынға ие болды. Күріш көлемі жөнінен Жалағаш өңірдегі іргелі ауданның бірі саналады. Сондай-ақ, олар жылма-жыл үздіктер қатарынан көрініп, ерен еңбек үлгісін көрсетіп келеді. Осындай жетістіктер аудандық «Алтын күз» мерекесі барысында сараланды.