Кеңес орталығы ашылды

 «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен «Қызылорда» сауда орталығында «Кеңес орталығы» ашылды.  Шараға «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес және қала тұрғындары қатысты.

Орталықта базар келушілері мен жұмыскерлері сала мамандарынан, басшыларынан тұрғын үй, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, заң құқықтары, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде тегін консультативті кеңес алатын болады.

Сондай-ақ, қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қабылдап, кәсіби заңгер мен психолог мамандар консультация жүргізеді.

Шараның мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін шешу, ақпараттық сүйемелдеу, тұрғын үй, жұмыспен қамту және т.б. мәселе бойынша консультациялық көмек көрсету.

Бастама «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының «Jastar Otanga!» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылмақ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2019 г. 432 0