Жеңімпаздарды құттықтады

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корей елінде ауыр атлетикадан өткен дүбірлі додада Азия чемпионы атанған Рахат Бекболат пен «Хрус­тальная магнолия» халықаралық жас орындаушылар фестивалінің жеңімпаздары Қарақат Базарбайды, Саят Сарманбекті және көркемсөз жанры бойынша І орын иегері Хорлан Саинды қабылдап, арнайы құттықтады. 

Корей елінде өткен ауыр ат­летикадан жасөспірімдер ара­сында 96 келі салмақ дәре­жесінде жерлесіміз зілтемірші Рахат Бекболат Азия чемпионы атанды. Он бес жасар Рахат бүгіннің өзінде ауыр атле­тикадан «ҚР Спорт шебері» атағына ие. Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы. Биылғы нау­рыз айында Лас-Вегас қала­сында өткен Әлем чемпионатында жұлқа, серпе көтеру және қоссайыс нәтижесінде 2 алтын, 1 күміс медальді иеленген.

Қала әкімі салтанатты кездесуде ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қа­зақстанның құрметті спорт қай­раткері Вилорий Пак пен ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы Нұржан Смахановқа және жас таланттарды өнерге баулып жүрген А.Тоқмағанбетов атындағы қа­лалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің жетекшісі Бағ­дагүл Есмұрзаеваға «Құрмет» грамотасын табыстады.

Барлыбек БАТЫР.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2019 г. 532 0