« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Қызылорда қаламгерлер қауымдастығы» ҚБ және Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен талантты да тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі. Ақпараттық демеуші – «Сыр медиа» ЖШС.
Мүшәйрада қалалық Жастар театрының әртістері ақынның өлеңдерін оқып, сахналық көрініс жасайды. Сонымен бірге ақын сөзіне жазылған әндер орындалады.
Жыр кешінде Ә.Ботпановтың өмірдегі, өлеңдегі үзеңгілес жүрген достары, республикаға белгілі қаламгерлер қонақ болады.
Мүшәйраның
шарттары:
1. Мүшәйраға жасы 18-40 аралығындағы ақындар қатыса алады.
2. Олардың өлеңдері алдын ала арнайы комиссияның іріктеуінен өтеді. Іріктеуде жарамсыз деп табылған шығарма мүшәйраға жіберілмейді.
3. Шығармалар мүшәйра талабына сай болуы керек.
4. Мүшәйра жеңімпазы 1, 2, 3-ші орынмен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады (сыйлық ақшалай).
5. Қазылар алқасы белгіленген орынның немесе сыйлықтың санын еселеуге керісінше қысқартуға құқылы.
6. Шығармалар мына мекенжайға қарашаның 15-не дейінгі уақытта түсуі тиіс: Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі 4 «А», «Сыр медиа» ЖШС ғимаратының 2-қабаты, 210-бөлме. e-mail: aiashuly_62@mail.ru
Мүшәйра талабы:
а) Ақын 2 өлең оқиды (бірі – арнау, бірі – еркін өлең).
ә) Қатысушының бірінші өлеңі тағдырлы ақын Ә.Ботпановтың болмысын ашуы тиіс немесе ол шығарма ақындық қасиетке арналады.
б) Қатысушының киім киісі, өлең оқу мәнері, көрерменмен арақатысы, яғни, аудиторияны назар аударта білуі есепке алынады.
Ұйымдастыру тобы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |