Қорғаныс бөгеттерінің жай-күйі тексерілді

Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбековтың тапсырмасына сәйкес су тасқынының алдын алу шараларын қамтамасыз ету, жоғарыдан келетін мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында Сырдария өзені бойында орналасқан қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін тексеру жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен «Қармақшысушар» өндірістік учаскесі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен арнайы топ құрылды.
Арнайы топ тарапынан Қармақшы ауданы бойынша су басатын қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Жаңажол, Иіркөл ауылдары, оң жағалауында орналасқан Қызылтам, Абыла, Қорқыт елді-мекендері және аудан орталығы Жосалы кентінің жалпы ұзындығы 69,7 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттеріне зерттеу – зерделеу жұмыстары жүргізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2019 г. 352 0