Қазақстанның үздік футболшылары белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы жылдың үздіктерін анықтады. Алғаш рет елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында KFF Awards 2019 деген атпен салтантты түрде табысталды, - деп хабарлады BAQ.kz.
Марапаттау рәсіміне ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады. Сонымен қатар, шараға үміткерлерден бөлек, футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары қатысты.
Жеңімпазды анықтауға клубтардың бапкерлері, жетекшілері және спорттық директорлары қатысты. Соның нәтижесінде жалпы дауыс саналды. Біз мұндай конкурсты әр түрлі номинациялар бойынша алғаш рет ұйымдастырдық. Алдағы уақытта әріқарай жетілдіріп, жаңа технологияларды қолданатын боламыз. Бұл іс-шара бірінші кезекте футбол саласында жұмыс істеп жүргендерге қажет. Бапкерлер мен ойыншылар жиналып, әлемнің түкпір-түкпірінде миллиардтаған жандардың көз тігіп отырған спортынан жаңа әсер алады. ФИФА-ның жаңа лоузингі "Футбол әлемді біріктіреді" деп аталады. Өзге ешқандай спорт түрінде ФИФА мен УЕФА секілді ұйым жоқ. Миллиондаған адамдардың басын қосып, ірі жүйе құрып отыр. Соның арқасында қаншама адам кәсіби және әуесқой футболмен айналысып жүр. Оның сыртында экраннан қарайтындар бар. Бірде-бір концерт немесе шоу футболдағы әлем чемпионаты, Еуропа секілді көрермен жинаған емеас. Бұл ойын әлемді біріктіріеді, біз соның бір бөлшегіміз, - дейді ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков.

Қыздар футболы

Үздік сұрмерген – Адиля Вылданова ("БИІК-Қазығұрт", 26 гол)
Үздік бапкер – Калоян Петков ("БИІК-Қазығұрт")
Үздік ойыншы - Адиля Вылданова ("БИІК-Қазығұрт")

Жағажай футболы
Үздік сұрмерген – Баянбек Муралинов ("Арман", 17 гол)
Үздік бапкер – Болат Аленов ("Арман")
Үздік қақпашы – Виктор Чорный ("Арман")

Футзал
Үздік сұрмерген – Эвертон ("Жетісу", 33 гол)
Үздік бапкер – Рикардо Кака ("Қайрат")
Үздік ойыншы – Қайрат Иманалин ("Ақтөбе")

Екінші лига
Үздік сұрмергендер – Матвей Герасимов ("Шахтер М") және Арсен Елемесов (СДЮШОР №8) – 17 голдан.
Үздік бапкер – Фархадбек Ирисметов ("Қыран М")
Үздік ойыншы – Матвей Герасимов ("Шахтер М")

Бірінші лига
Үздік сұрмерген – Айдос Тәттібаев ("Каспий", 19 гол)
Үздік бапкер – Әли Әлиев ("Қызыл-Жар СК")
Үздік ойыншы – Айдос Тәттібаев ("Каспий")

Премьер-лига
Үздік қақпашы – Дмитрий Непогодов ("Ордабасы")
Үздік қорғаушы – Дмитрий Шомко ("Астана")
Үздік жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан ("Қайрат")
Үздік шабуылшы – Абат Айымбетов ("Ақтөбе")
Үздік сұрмергендер – Адеринсола Эсеола ("Қайрат") және Марин Томасов ("Астана") – 19 голдан.
Үздік ойыншы – Марин Томасов ("Астана")
Үздік бапкер – Стойчо Младенов ("Қайсар")

Маусымның үздік голы – Тоқтар Жаңғылышбайдың ("Ордабасы") "Астана" қақпасына соққан голы.

Қазақстан ұлттық құрамасының үздік ойыншысы – Бауыржан Исламхан

Арнайы номинациялар:

Әйелдер футболы мен оның инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін – БИІК компаниясының президенті Әбдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы;
Әйелдер футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева;

Әуесқой футбол мен инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін – Нұр-Сұлтан қаласының "Сайран Арена" директоры Қожахметов Талғат Сайранұлы;
Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов;

Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов;
Балалар және жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін – "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы Давид Лория;

Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Самат Смақов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 794 0