«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

 Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 11-13 қараша аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз жануарларды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.
Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен  мал сою бекеттері тексерілуде.
Департамент бастамасымен мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.
  Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.
Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда. Шара барлық қала, аудандарда өткізілуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 720 0