Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов өнер бәйгесіне қатысып, жүлдемен оралған Сезім Қаһарман мен Мақпал Қалданованы қабылдады.
Сезім жас өнерпаздардың талабын шыңдайтын бірегей жоба – «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауында оза шауып, ІІІ орынды иеленсе, Мақпал Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы аясында өткен «Өнер өлкесінің жезкиігі» атты республикалық әншілер конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.
Бөлім басшысы жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, аймақ абыройын асқақтатып жүрулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен бірге өнерпаздарды тәрбиелеп, қолдап жүрген «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобының жетекшісі Бағдагүл Есмұрзаева мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры Ләйлә Насимхановаға алғыс айтты.
Барлыбек БАТЫР.