« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев пен облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын салаға қатысты міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
– Жалпы қолданыстағы жер заңнамасында ауыл шаруашылығы жерін қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беруге қатысты мораторий жарияланғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы жерін шетелдіктерге беруді тоқтату туралы мораторийдің нормаларына қосымша жарғылық капиталында кез келген мөлшерде шетелдік қатысушылары бар бірлескен кәсіпорындарға жерді жалға беруге тыйым салынды. Заң ең алдымен жалға беру институтын сақтау мен әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Жердің үлкен көлемде «бір қолға» берілуін болдырмау мақсатында әр облыстың әкімшілік аудандары шегінде ел тұрғындарына алқап түрлері бойынша ең жоғары мөлшер белгіленді. Сондай-ақ, жерді беру мәселесі қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен келісіледі,– деді Ш.Қойшыбаев.
Сонымен бірге ол жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында комиссияның отырысы міндетті түрде жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында онлайн трансляцияланып, аудио-бейнежазба жүргізілетінін айтты.
Елбасының цифрландыру тапсырмасына сәйкес егіс алқаптарының электрондық картасы жасалған. Ол үшін ауыл шаруашылығы тауар өндіруші шаруашылықтардың егіс алқаптары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Qoldau» веб-порталына енгізілген.
Ал облыста жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мақсатында облыс әкімдігімен бірлесе «Бағдаржол», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы бекітілген. Биылғы 9 айда облыс көлемінде 332 бақылау жүргізілсе, оның 287-сі жоспардан тыс. Барлығы 628,72 гектар жер учаскесі тексеріліп, нәтижесінде 284 заң бұзушылық анықталған. Есепті мерзімде жалға беру шарттарын біржақты бұзу арқылы және түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 15182 гектарды құрайтын 52 жер учаскесі, сот шешімімен жалпы аумағы 88 гектар болатын бір жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |