Қызылордада құтқарушылар 88 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды

Қызылордалық құтқарушылар пәтерінде тайып құлап, жарақат алған 88 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік көмек көрсету қызметкері 88 жастағы қарияның пәтерінің есігін ашпай жатқандығы жөнінде 112 нөміріне хабарласқан. Жедел құтқару жасағының мамандары дереу іске кірісті. Құтқарушылар үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірді. «Құтқарушылар пәтер ішіне кіргеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталды. Қария ас бөлмеге кіре берісте аяғы тайып құлаған. Содан кейін өз бетінше тұра алмаған. Апаттар медицина орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қарияны ауруханаға жеткізді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 280 0