Қызылордада 200-ден астам браконьерлік және ағаш кесу дерегі тіркелді

 Қызылорда облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 214 экологиялық заң бұзушылық анықталды.
Арнайы мобильдік топ ағашты заңсыз кесу, аң және балық аулау ережелерін елемеу және қаруға қатысты заң бұзу деректерін әшкереледі.
Жан-жануарға оқ атқандардың бірі Қармақшы ауданында ұсталды. Түн жорытып, қасқалдақ, үйрек атқандарды қолға түсіру барысында 20 құстың өлімтігі мен 1 аңшы мылтығы айғақ зат ретінде алынды.
Шамшидин Әмитов, ПД бастығының бірінші орынбасары:
– Аталған мерзімде 9 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. 7 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыратын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2019 г. 340 0