Қазгидрометтің хабарлауы бойынша, 9-11 қараша аралығында еліміздің барлық аймағында күн суытады. Бірнеше өңірде жаңбыр, бұршақ жауып, соның салдарынан көктайғақ болады. "Демалыс күндері Қазақстан аумағымен оңтүстік-шығыс бағыттағы атмосфералық ағындар көшеді, сондықтан көптеген облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта жылжуы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары келетіндіктен елімізде тағы да күн суытады",- деп жазылған Қазгидромет таратқан хабарламада.