Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір пойыздардың бағыты өзгереді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Атап айтқанда:
№375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;
№85/86 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;
Cол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды;
Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады.
Сонымен қатар алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты:
№ 153/154 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді;
№ 375/376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен-1» енді № 67/68;
№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78.
Жеке тасымалдаушылар:
№ 312/311 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты);
№ 307/308/ «Нұр-Сұлтан – Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);
№ 617/618 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).
Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).