Өнім сәйкестігін бағалаудың өз заңдылғы бар

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің облыс бойынша департаменті  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының өнімнің сәйкестігін растаумен айналысатын сарапшы-аудиторларының қатысуымен  өнімнің сәйкестігін бағалау саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіру мақсатында  дөңгелек үстел өткізді. Басқосуға сала мамандары қатысты.
Жиын барысында департамент басшысы Ерқанат Кеулімжаев Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өтінімдер мен  өнімді қарайтындығын жеткізді.
Мұнан соң Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 710 «Сәйкестікті растау қағидаларын бекіті туралы» Бұйрығына тоқталып, сәйкестікті растау жөніндегі органдар қағиданың талаптарын сақтау шеңберінде өнімді сәйкестендіру жөніндегі функцияны қатаң түрде жүзеге асыруы тиістігін және  алдағы уақытта өнімнің сәйкестігін растау рәсімінен тыс өнімді бірдейлендіруді жүргізуге жол бермеу керектігін тапсырды.
Ал Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы занамасын бұзған  жағдайда   әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын баса айтты.
 Шара соңында  қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу болды, әрі тұшымды жауаптар алынды.  

“СБ” ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2019 г. 625 0