Қызылордада бейтарап 228 қоқыс үйіндісі табылды, деп хабарлайды
«Хабар 24».
Рұқсатсыз төгілген қалдықтар ғарыштық бақылау жүйесі арқылы анықталған. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы қаланың радиусы 50 шақырымдық аумағын қамтыған бейнежазбаны экологтардың зерделеуіне ұсынды. «Геопортал» жүйесінде көрсетілген әр қоқыс орнын экология департаменті жіті зерттеп, тиісті коммуналдық мекемелерге ескерту жасалды. Қала әкімдігі қазір 57 қоқыс үйіндісін тазалады. Негізінен құрылыс және тұрмыстық қалдықтар жекеменшікке тиесілі аумақтардан табылған. Енді облыс аумағының тазалығы түгелдей қашықтан зондтау арқылы қадағаланбақ.
Толыбек Әбдіхалықов, облыс бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының м. а.:
– «Ғарыш сапары» АҚ ғарыштан зондтау арқылы қалдық тасталған орнын анықтап, ақпаратты министрлікке береді. Сол ақпаратқа біз көз жеткізіп, орындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырма береміз. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық, тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру орнына жеткізуге, қайта өңдеуге жауапты болып белгіленген.
Абзал Рысбек, қалалық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және ТКШ бөлім басшысының орынбасары:
– Қала тұрғындарының бей-берекет қалдықтарды тастау салдарынан орын алып отырған нәрсе. Бұл жұмыстарды тоқтату мақсатында қала әкімдігі жергілікті полициямен біріге отырып, аптасына 2 рет рейдтік жұмыстар жүргізіп отырмыз.