Байқоңырдағы зымыран кешеніне Назарбаевтың есімі беріледі

Байқоңырда салынып жатқан жаңа кешенге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілу туралы хаттамаға жыл соңына дейін қол қойылуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  
Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Марат Нұрғожин мәлімдеген болатын.
Бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Байқоңырдағы «Союз-6» және «Собз-5» атты зымыран-ғарыш кешендеріне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атын беру туралы ұсыныс айтқан еді.
«Біз бұл сұрақты Президент әкімшілігімен бірге талқылау үстіндеміз. Қазіргі кезде «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп өзгерту туралы айтылып жатыр. Егер Президент әкімшілігі қарсылық білдірмесе, хаттамаға қол қойылады», - деді министр.
Сонымен қатар, ол бұл тақырып Парламентте талқыланатынын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2019 г. 413 0