Браконьерлік қылмыс қай өңірлерде жиі жасалады

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов браконьерлік фактісі жиі кездесетін өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, браконьерлік қылмыс арасында заңсыз балық аулау оқиғалары көш бастап тұр.
«Жайық-Каспий каналы аумағынан және Атырау, Маңғыстау облыстарында заңсыз ауланған бекіре балығы өте жиі тіркелді. Ақбөкендерге келсек, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстарында браконьерлік жиі кездескен. Әсіресе оңай жолмен байығысы келген жұмыссыз азаматтар көп ұсталады», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанда браконьерлерді бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан 12 жылға дейін ұзартылды. Сонымен бірге, табиғатты қорғау инспекторлары құқық бүзушыларды ұстап, қылмысты тіркей алады
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2019 г. 294 0