Қазалыда Бекарыстан би мен Қожабақы ауылын байланыстыратын көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Қожабақы-Бекарыстан би» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Көпір құрылысын «Жылу-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Аудан тұрғындары үшін маңызы жоғары көпір құрылысының аяқталуын әсіресе Бекарыстан би, Майдакөл ауылының тұрғындары асыға күтті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі