Айлық табысы 12,6 млн теңге кәсіпкерге 220 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің басқарма басшысы Аяжан Жанғабылованың айтуынша, жеке кәсіпкерге жылдың бірінші тоқсанында 220 мың теңге көлемінде АӘК тағайындалған. «Ақпараттық жүйелердің мәліметіне сәйкес кәсіпкердің нақты табысы 12,6 млн теңге екендігі анықталды, яғни отбасының орташа кірісі бір адамға шаққанда 700 мың теңгеден асады. Бұл АӘК алу критерийлерінен 34 есе жоғары», - деп жауап берді басқарма басшысы ресми сұраухатқа. Аяжан Жанғабылованың айтуынша, бүгінгі таңда заңсыз бөлінген АӘК-тердің 307,8 млн теңгесі бюджетке қайтарылған.