Қазалы жұртшылығы тазалық сенбілігін ұйымдастырды

Қазалы жұртшылығы тазалық сенбілігін ұйымдастырдыҚазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінен Жалаңтөс батыр ауылына баратын жол бойында қорымның аумағы мен қазіргі уақытша полигон аумағына «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген тақырыппен тазалық сенбілігі ұйымдастырылды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбілікке аудандық денсаулық сақтау саласының ұжымдары, атап айтқанда  аудандық аурухана, аудандық емхана, Жетес би, Болат жол, аудандық перзентхана, сонымен қатар Шұғыла, Айгөлек, Балапан, Балдырған бала бақшаларынан 225 адам  тазалық жұмыстарына атсалысты. Бұдан басқа тазаланған жерлерден шыққан қоқыстарды құм алынған карьер орнына төгу «Рза» АҚ, «Қазалы Тұлпар» ЖШС,  Жеке кәсіпкер Ж.Оразалиевтер техникамен қамтамасыз етті. Сонымен қатар Әйтеке би кентінін 280 балабақша құрылысын салып жатқан Қызылорда қаласының «Өмірзақ» ЖШС-гі  1 погрузчик тракторымен күл- қоқыстарды  шығаруға ат салысты. Жалпы бұл сенбілікке 3 погрузчик, 1 трактор, 7 жүк көлігі жұмылдырылды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 шілде 2014 г. 896 0