« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Бәйменованың қатысуымен брифинг өтіп, Президент Жолдауынан туындаған міндеттер мен алдағы жоспарлар және биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстар баяндалды.
Аймақта аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Атап айтқанда, туберкулез аурушаңдығы өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайға төмендесе, жұқпалы аурулардың 8 түрі тіркелмеген. Ал қызылшаның эпидахуалы жыл басынан бері тұрақсыз. Мәселен, аталған аурудың 438 жағдайы зертханалық жолмен нақтыланып, есепке алынған.
– Аурудың одан әрі тіркелуінің алдын алу мақсатында биылғы сәуір айынан бастап 9-10 айлық балаларға, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне және егу мәртебесі белгісіз, бұрын егілмеген, ауырмаған адамдарға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы екпе науқаны жүргізілуде. Апталық мониторингке сәйкес облыс бойынша аталған ауруға қарсы КПК вакцинасымен 13972 азамат қамтылған,– деді ол.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесін негізге ала отырып, тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы 80000 доза вакцина сатып алынған. Ауруға қарсы егу қазан айынан бастап жергілікті емханаларда жүргізілуде.
Өңірде есепті кезеңде тұрғындар арасында тағамнан улану, ботулизм аурулары тіркелмеген. Жалпы облыста барлығы 1904 тағам нысаны болса, оның 419-ның эпидемиологиялық маңызы жоғары. 132 нысанды тексеру жоспарланса, оның 72-не тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 55 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 58 ұйғарым берілген. Микробиологиялық көрсеткішке барлығы 125 сынама алынып, 11 сәйкессіздік анықталған. Алынған 1970 сүртіндіден 104-і талапқа сай болмаған. Санитарлық химиялық көрсеткішке 170 сынама алынып, 10-нан сәйкессіздік анықталған.
Департамент бақылауында 1418 балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру нысаны бар. Биылғы 1 қыркүйекке 318 мектеп, мектеп асханасы, буфеттері ерекше тәртіппен тексерілген. Нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 332 айыппұл, 280 санитарлық ұйғарым берілсе, 11 қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілген және санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келмеуіне байланысты 8 нысан бойынша материал облыстық ауданаралық экономикалық сотқа жолданып, сот шешімімен 4-нің жұмысы уақытша тоқтатылған.
Ауыз су сапасына жүргізілген мониторинг қорытындысы орталықтандырылған ауыз судың микробиологиялық көрсеткішінің өткен жылмен салыстырғанда 8,2 процентке жақсарғанын көрсеткен. Қазіргі кезде облыс халқының 97,5 проценті орталықтандырылған сумен, 2,4 проценті орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылса, 0,2 проценті тасымалданатын суды пайдалануда.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |