« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4-5 қараша аралығында Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 18 м/с жетеді.
4-5 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
3-5 қараша аралығында Алматы облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде 0-5 градусқа дейін үсік жүреді.
5-7 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. 5 қараша түнде кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
4- 5 қараша аралығында Ақмола облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
4-5 қараша күндері Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |