Қызылордалық полицейлер балықшыны құтқарды

3 қараша күні Сырдария ауданының полиция бөліміне Қызылорда қаласы тұрғынының балық аулап жүріп жоғалып кеткені жөнінде хабарлама түсті.
Дереу оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Нұртас Жаппасбаев және полиция лейтенанты Жұмабек Жандос оған көмек көрсетті. Полицейлер 200 метрдей жерді жүзіп өтіп, ескексіз қайықта отырған азаматты тапты. Құтқарылған азамат кенеттен жауған нөсер жаңбыр салдарынан Жаңадария каналының ортасында қайықты ағын алып кеткенін жеткізді.
Учаскелік полиция инспекторлары қайықты жағаға апарды. Жедел құтқару тәсілдерін пайдалана отырып, азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен полицейлер балықшыны бөлімге жеткізді.
Құтқарылған азамат қырағылық танытқан тәртіп сақшыларына шексіз алғысын білдірді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2019 г. 722 0