| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 9 қарашада Қызылорда қаласында «Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.Байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.
Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.
Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетеді.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |