« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Оспанұлының төрағалығымен тұрақты Кеңес мәжілісі өтті.
Тұрақты кеңес мәжілісінде өзекті үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдаров Серік Бақытұлының хабарламасы тыңдалды.
Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар дамыған қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады.
Кент, ауылдық округтің басшылары атқарып жатқан жұмыстарын интернет ресурстар, әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша дер кезінде тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруы қажеттілігі аталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Құндақбаев Бостан Шегебайұлының баяндамасы тыңдалды.
Қазіргі таңда ауданымызда кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы үш міндетті жүзеге асырамыз. Атап айтар болсақ салық базасы ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылады және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту бойынша құрылған жұмысшы органмен бірлесіп, тіркелген жұмыссыздар және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, көлеңкелі кәсіппен айналысып жүрген азаматтарды анықтап, кәсіпкерлік субъектілерде жұмыс жасап жүрген жалдамалы жұмысшыларға талдау жасап, олардың еңбек шарттарының болуын және міндетті төлемдерінің тұрақты жүргізілуін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру керектігін тапсырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы Молдабаев Диас Асылбекұлының хабарламасы тыңдалды.
Диас Асылбекұлы әлеуметтік - экономикалық дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды салыстырмалы түрде бағалау мақсатында кент, ауылдық округі әкімдерінің рейтингтік көрсеткіштерінің жобасын таныстырды.
Жиын соңында аудан әкімі Мұса Оспанұлы тиісті сала басшыларына баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап, нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |