« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жалағаш кентіндегі Абай көшесінің бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жалағаш кентінен және ауылдық округтерден 70-ке жуық көлікпен 14 млн-ды құрайтын 54 тонна өнім әкелінді. Өнімдер нарықтық бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды.
Жәрмеңкеде сыр маржаны – күріштің 1 келісі 200-250 теңгеден, қабы 5000-6250 теңгеден, картоп – 70-80, жуа – 60, сәбіз -70 теңге, сиыр еті – 1600, жылқы еті – 1800 және тағы басқа өнімдер тұрғындарға қолжетімді бағада сатылды. Сазды әуенге бөленген алаңдағы қаз-қатар тігілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын сатып алушылар лек-легімен келіп жатты.
Жәрмеңкеде болған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бағаның қолжетімділігін көріп, тұтынушылар мен сатушыларға сәттілік тіледі. Аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, жалағаштықтар өз алғыстарын білдірді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |