« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«ÓNEGE» жобасы - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылады. Аталған жоба бойынша облыста жұмыс жасайтын отбасы құндылығын сақтау орталығы форум ұйымдастырды.
Форумда «Отбасы – берекелі тұрмыс негізі» тақырыбында кең ауқымды әңгіме өрбіді. Жиынның тізгінін ұстаған облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім орталығының» қызметкері, «Бойтұмар ханым» қоғамдық қорының жетекшісі Р.Ахметова келешек қоғам өкілі – бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу бағытындағы тұжырымды ойын айтып, отбасы құндылығын сақтаудың сыр-сипатына қатысты өмірлік тәжірибесін бөлісті. Жалпы форумда ұлттық ұстаным, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие төңірегінде мағыналы пікірлер айтылды. Көпбалалы отбасылардың, оның ішінде өз-өзін жұмыспен қамтып отырған отбасылардың тәжірибелері насихатталды. Атап айтқанда, «PodarKing», «Сувенир - Кызылорда» сынды жеке кәсіп иелерінің қолынан шыққан бұйымдар көздің жауын алардай. Басты ерекшелігі, олардың қолынан шыққан бұйымдарда ұлттық бояу басым, экологиялық таза тауарлар. Кәсіп иелері алдына мақсат қойып, оған жетудегі еңбектері жайлы әңгімелеп берді. Осынау насихаттық шара отбасылық қиын жағдайда жүрген аналарға ерекше серпін беріп, бойларына үміт пен сенім ұялатқандай болды. Форум барысында психологиялық сергіту шаралары да ұмыт қалған жоқ.
Форумның екінші бөлімінде арт-терапия ойындары өткізілді. Сол арқылы әлеуметтік қиын жағдайдағы отбасы балаларының мүмкіндіктері анықталып, оларға ағылшын, математика пәндері бойынша қосымша оқыту орталықтарына, сондай-ақ, түрлі спорттық үйірмелерге бір жылға сертификаттар берілді.
Орталық жетекшісі М.Наримова мұндай шаралардың кешенді түрде жалғасып келе жатқанын айтып, өмірдің сан қилы қиындықтарына душар болса да, отбасы құндылығын сақтап, береке-бірлігін арттырып отырған аналардың табандылығын үлгі етті. Оларға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |