Жастар кадрлық резервке қалай өтуде?

Еліміздегі жоғары басқарушылық мемлекеттік лауазымдарға, ұлттық холдингтер мен компаниялардағы жоғары басқарушы лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік. Осындай перспектива еліміздегі және шетелдегі мыңдаған жас қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды.

Олардың барлығы «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеуге қатысты.

Резервке олардың ішіндегі 300 барынша талантты және даярланған жастар алынады.

Қазіргі уақытта тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы жобаны таныстыру, эссе жазу және құзыреттерін бағалау сияқты үш кезеңнен тұратын іріктеудің келесі кезеңі - «Әлеуетті бағалаудан» өтуде.

Осы кезеңде үміткерлердің эссесі мен жобалық жұмысы онлайн түрде бір уақытта үш сарапшымен бағаланды.

Үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін сертификатталған бағалаушылар мен кәсіби супервизорлар тартылды.

Олар үміткерлердің құзыреттерін мінез-құлық индикторлары арқылы, жеке және топтық ассесмент құралдарын қолдана отырып анықтайды.

«Әлеуетті бағалау» кезеңіне өткен үміткерлер өздерінің іріктеу жөніндегі ойларымен бөлісті.

Бекжан, кәсіпкер:

«Басында 13 мың адамның тіркелгенін (Pkrezetv.kz сайтында – еск.) көрген кезде таң қалдым, өйткені, бір жарым, екі мың адам болады деп ойладым...

Көптеген жастардың бұл жобаға қызығушылығы зор екені байқалады. Соның ішінен бес жүз адамның ішіне кіріп отырғанымыз, біз үшін бір мәртебе деп ойлаймын...

Өте мықты ұйымдастырылған, ешқандай кедергілер болған жоқ. Басында сұрақтары қиын деген әңгіме болды, бірақ, дегенмен, менің ойымша сайдың тасындай сапталған жігіттер, қыздар сондай сұрақтарды шеше білу керек.

Шындықты айтқанда, таң қалып отырмыз, былай орысша айтқанда «банально» болады деген оймен келгенбіз. Бірақ, бүгінгі тапсырмаларды көріп шетелдік компанияларға жұмысқа тұрып жатқандай сезімге бөленіп отырмын. Мықты».

IT-саласының маманы Азамат іріктеуден өтпей қалған жағдайда ешқашан өкінбейтінін айтады. «Мен осындай жобаға қатыстым. 550 адамның ішіне кіргеніме өте қуандым (тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы келесі «Әлеуетті бағалау» кезеңіне өтті – еск.)», - дейді ол.

Алексей, жылу-энергетика саласының маманы:

«Бұл өте ашық жүйе. Мен ненің қашан іске қосылатынын, өзімнен ненің талап етілетінін түсініп отырдым. Ол (жүйе – еск.) бір күн ішінде ғана дайындалмай, ойластырылып жасалғаны байқалады. Барлығы өз кезегімен жүретін нақты ашық жүйе (іріктеу жүйесі – еск). Сен өз орныңды көріп, алдағы уақытта не күтіп тұрғанын қарай аласың. Менің ойымша бұл ақылды жастар үшін ерекшеленіп, өзін жоғары дәрежеде көрсету үшін керемет мүмкіндік…».

Айнара есімді мемлекеттік қызметші 24 сағат бойы қашықтықтан тестілеудің ыңғайлы болғанын айтады. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы іріктеу бойынша толық ақпарат берді.

Даниэль, туризм саласы:

«Ұйымдастыру (іріктеуді ұйымдастыру - еск.) маған өте қатты ұнады. Әрбір кезең сайын мен өзіме жаңа сынақ, challenge алып отырдым: презентация жасау, 5 минут ішінде 5 слайд көрсету, белгілі аралық (уақыт – еск.) ішінде эссе тапсыру. Бүгінгі ассесмент, әр ретте жылдамдатып отырады. Ұйымдастыру жағынан барлық ақпараттың қолжетімді болғанын атап өткім келеді…»

Элина, мемлекеттік қызметші:

«Кадр резерві жөнінде хабарландыру шыққаннан кейін бірден қатысқым келіп кетті. Бірақ айналамдағы адамдар күмәнмен қарап, қызғылт көзілдірігіңді шеш, оны қайтесің және онда барлығы шешіліп қойған шығар деген сөз қозғады. Мен талаптанып көру керек деп айттым. Біріншіден, Президент өзі жариялады. Екіншіден, бұл бақ сынап көруге тұрарлық жаңа формат. Үшіншіден, бұл үлкен мүмкіндік. Жалпы жобаның өзі бірегей. Менің ойымша мұнымен барлық қатысушылар келіседі... Онлайн және офлайн кезеңдер де бар. Бұл әрбір үміткерге арналған кешенді тәсіл... Ол өте мықты әрі жаттыққан ұйымдастырушылар тобы... Барлығы өте сапалы жасалған. Техникалық қолдауға өтінім берген кезде шұғыл арада жауап береді. Мәселеңді шешіп қана қоймай, қолдау көрсетуге тырысады...»

Гүльзира, кәсіподақ ұйымының қызметкері:

«Бірінші кезекте мені сайттың техникалық қамтылуы таң қалдырды... Барлық қажетті жағдайлар мен заттар алдын-ала қарастырылған. Өз алдымда қандай да бір нақты техникалық қиыншылықтар туындаған жоқ. Ассесмент – ол үміткердің құзыреттерін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін құзыреттерді бағалаудың заманауи үрдісі... Бүгінгі ассесмент тайм-менеджмент тарапынан өте жақсы ұйымдастырылған. Біз өзіміздің кестемізді, логистикамызды, яғни қайдан қайда бару керектігін білеміз. Қандай стримге жататынымызды білеміз. Бұл түстер, аудиториялар, адамдар саны бойынша реттеу... Мен біздің (еск. – қазақстандық) мемлекеттік органның қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаны жүзеге асыра алатынын мақтан тұтамын.

Бүгінгі таңда мен үлкен нәтижелерге қол жеткіздім, мен осы 549 адамның ішіне кірдім (тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы келесі «Әлеуетті бағалау» кезеңіне өтті – еск.)». Мен соңына дейін баруға және өзімнің барлық әлеуетімді көрсетуге дайынмын. Күн сайын мені түрлі ақпараттық агенттіктерде шығатын ақпараттық себептер рухтандырады. Осыған үлкен мән беріліп келе жатқаны осы мақсаттарыма қол жеткізуге өте уәждемелейді».

ҚР МҚІА баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қараша 2019 г. 362 0