« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Бас Прокуратурасының ұйымдастыруымен «әкімшілік өндірістердің біріңғай тізімі» (ӘӨБТ) жобасы аясында елімізде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу және рәсімдеу процесі автоматтандырылған.
Биылғы сәуір айынан бастап жол полицейлері ЖЖЕ (ведомстволық бағыныстылығы ішкі істер органдарының құзіретіндегі) бұзғаны үшін әкімшілік хаттамаларды электронды форматта планшет құрылғыларында толтырады.
Бұл салынған әкімшілік айыппұлды өтеудің тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді, айыппұлды сол жерде баптың санкциясында көрсетілген соманың 50% көлемінде төлеу құқығын пайдалану арқылы, сондай-ақ ірі банктердің кассалық бөлімшелері арқылы төлеуге болады.
Бұдан бөлек, банктердің www.kaspi.kz, www.post.kz және www.homebank.kz. интернет-ресурстарында айыппұлды онлайн режимде, сондай-ақ олардың төлем терминалдары немесе ұялы қосымшалары арқылы төлеу мүмкіндігі бар.
Азаматтарға ыңғайлы qamqor.gov.kz. және www.egov.kz. мемлекеттік ресурстары да жұмыс істейді.
Айыппұл төленгеннен кейін бұл туралы мәлімет 15-20 минут ішінде жүйеде көрініс табады, бұл өз кезегінде азаматтарды мемлекеттік органдарға барудан және төлемді түбіртекпен растаудан босатады.
ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |