« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
“Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарға байланысты Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті. Онда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қабылдаған “ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері”, “Жеті рухани қазық” Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, діни қызметкерлер атқаратын діни рәсімдер тізілімі кеңінен талқыланды.
– Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында жуырда ІІІ республикалық имамдар форумы өткен болатын. 500 имам қатысқан шараның негізгі мақсаты – үш негізгі құжат қабылданды. Оның бірі “Жеті рухани қазық” Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы. Онда әрбір мұсылманның бойынан табылатын жеті қасиеттер айтылады. Атап айтсақ, адамгершілік, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік. Бұл қасиет барлық мұсылман баласы үшін қажет. Сонымен бірге форумда діни қызметкерлердің атқаратын рәсімдері де нақтыланды. Оған 45 рәсім кіреді, яғни сәби дүниеге келгеннен кейінгі ат қою рәсімінен бастап дүниеден өткенге дейінгі аралықта атқаратын имамдардың қызметі көрсетілген.
Қазіргі уақытта діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және рухани тұтастықты сақтауда имамның атқаратын рөлі зор. Өздеріңіз білетіндей, кез келген адам имам не молда бола алмайды. Оның үстіне бірінің қызметін бірі атқара алмауы мүмкін. Осы ретте ҚМДБ діни атауды жасау арқылы олардың міндеттерін де белгіледі. Мұның барлығы қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда, рухани кемелденуді жүзеге асыруда маңызды рөл атқармақ, – деді ҚМДБ-ның облыс бойынша бас имамы Болатбек Абуов.
Жиын барысында қалалық “Сұлтан” мешітінің бас имамы Қайырбек Отызбаев “Жақсылыққа бастаған жеті рухани құндылық” тақырыбында баяндаса, “Нұр” мешітінің бас имамы Марат Үркімбаев “ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі” турасында мәлімдеді. Сондай-ақ, Жаңақорған аудандық орталық мешітінің бас имамы Садулла Омаров, қалалық “Қалмұхаммед ишан” мешітінің бас имамы Дайрабай Ырысбай, қалалық “Әл-Уәли” мешітінің бас имамы Батырбек Убаев қабылданған құжаттардың қоғамдағы маңызын, дер уақытында қолға алынған құжат екендігі жөнінде пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу болды.
Бүгінгі күні өңірде 178 мешіт болса оларда бас имам, наиб имам мен азаншыларды қосқанда 250-дей қызметкер жұмыс жасайды. Жиынға аудандардың бас имамдары ғана келген. 21 қарашада өтетін ІІІ облыстық имамдар форумына барлық имамдар қатысады деп күтілуде.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |