Қармақшы ауданының әкімі жеке қабылдау өткізді

Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбеков тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Көтерілген мәселелердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік атаулы көмектің қолданыстағы жүйесінің берілуінің өзгеруі, тұрғын үй алу мүмкіндіктері, көшелерді жөндеу жұмыстары бойынша жеке тұрғындар сауалдарын қойды.
Аудан әкімі тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта келіп түскен шағымдарды өз қадағалауына алатындығын жеткізді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдылықтарға сәйкес жергілікті билік органының өз құзыреті аясында мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2019 г. 412 0