1 қараша күні ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 1 қараша күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүкіл Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елімізде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Кей аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстікте көктайғақ болса, солтүстікте - жаяу бұрқасын, оңтүстікте - найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Осы күні күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысында таңертең және күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Қарағанды облысында тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.
Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2019 г. 288 0