Шиеліліктер жеңіс тұғырынан көрінді

Шиелі ауданындағы №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің оқушылары Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасында өткен облыстық спартакиядасында баскетболдан спорттық сайысқа қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Тартымды да тартысты өткен бұл дода бойынша:
- алғашқы ойында Жаңақорған ауданының ойыншыларын 27:42 есебімен;
- екінші ойында Арал ауданының ойыншыларын 26:44 есебімен ұтты.
Ал Қызылорда қаласының ойыншыларын 43-51 есебімен жеңіп шығып, финалға жолдама алды.
Финалда Қазалы ауданының ойыншыларын 37:51 есебімен артқа тастап, Шиелі ауданының командасы жарыс жеңімпазы атанды.

Сб-ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2019 г. 407 0