214 экологиялық заңбұзушылық анықталды

  5-31 қазан күндері облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылған шара барысында 214 экологиялық заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде заңсыз ағаш, бұта кесудің – 3, заңсыз аң аулау және аң аулау ережелерін бұзудың – 136 (оның ішінде 4 заңсыз аңшылық), заңсыз балық аулаудың – 53, азаматтық қару тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың 22 дерегі тіркелді. 9 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Заңсыз аң, балық аулап, бұта, ағаш кесіп ұсталған 7 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді.

Атап айтқанда, 12 қазанда Жаңақорғанда аудан тұрғынының көлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүксалғышынан заңсыз тасымалданған сексеуіл бұталары табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 340-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

23 қазан күні Қармақшы ауданының Иіркөл ауылы тұсында 2 азамат түн мезгілінде қасқалдақ, үйрек атып жүрген жерінен ұсталды. 20 құстардың денесі табылды. 1 аңшы мылтығы айғақ зат ретінде алынды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 382-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды. Мемлекет пайдасына материалдық шығын өндіріледі.

Осыған сәйкес облыстық полиция департаменті мұндай жағдайларда заң бұзушы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі    

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2019 г. 598 0