Қазалылық жас жыршы Абылай Құнанбайұлы облыстық «Қорқыттан қалған қоңыр үн – ІV» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы жеңімпазы атанды.
Аудандық мәдениет орталығы жанындағы Жәнібек Құтмаханов жетекшілік ететін «Жыраулар бөлімшесінің» өнерпазы Абылай «Дәстүрлі жыр» жанрында кіші топта өнер көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.
Айта кетейік, облыстық балалар байқауы Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен өткен болатын.
Өнер бәйгесіне Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандарынан келген талапкер қатысты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі