Қазақстандықтар бүгін, 31 қазан күні кешкі уақытта әдемі көріністі тамашалай алады деп хабарлайды
ҚазАқпарат.31 қазан кешке жаңа туған Ай (фаза 0,15) Юпитер ғаламшарына (жарқылы 19 жұлдыздық шама) жақындайды. Күн батқаннан кейін, Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 18:00-де бір-біріне айтарлықтай жақындай түседі.
"Бұл құбылысты Ресейдің барлық аумағында (солтүстік өңірлерден басқа), Украинада, Беларусь, Молдова, Балтық маңы, Кавказ және Орталық Азия елдерінде байқауға болады", - деп жазған «Астрономия» сайты.