"Жыладым": Илья Ильин допинг дауынан кейінгі ауыр кезеңді қалай өткерген (видео)

 Илья Ильин допинг дауына қатысты өміріндегі аса ауыр кезеңді өткеріп, күйзелістен қалай шыққанын айтты. Ұзақ уақыт бойы үнсіздік сақтап келген спортшы бар жетістіктері жоққа шыққан қиын сәті туралы жан сырын ақтарды деп жазады "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Зілтемірші бұл спорт түрі үшін бар уақыты мен денсаулығын қиғанын айтып, орын алған жағдайды әділетсіздік деп санайтынын жеткізді.
"Оңай емес. Бұл жағдай Риодағы олимпиадаға үш ай қалғанда орын алды. Мен сол кезде керемет формада болдым. Олимпиаданы жеңуге дайын тұрған едім.
Маған келіп айтты, әлде елордаға шақыртып хабарлады ма, нақты есімде жоқ. Бірден қимылдап, заңгерлерді жалдамақ болдым. Үрдіс басталып кетті.
Содан кейін, бір аптадан соң мен тіпті залға бармай кеттім. Ауыр атлетикаға, штaнгаға қарай алмай кеттім. Яғни, жігіттер олимпиадаға дайындалып жатқанда мені осылай "лақтырып" жібереді.
Кілең негатив болды. Бұл оқиғалардан тек қана жағымсыз деңгейдегі әсер алдым. Жаным ауырды. Сондай жақсы дайындықта болдым. Жеңуге әзір едім.
Дәл сол уақытта әдемілеп тұрып, "тоқта" деп жазып берді. Мен бұл спортқа барымды бердім. Әрине, жыладым. Бір күні отырып, өз лентамда жетістіктерімді қарап отырып тіптен өкіріп тұрып жылаған кездерім де болды.
Қанша көз жасым кетті. Саналы ғұмырыңды арнағаныңда осылай астыртын жасалғаны әділетсіз әрі дұрыс емес" , - деді Илья.
Алайда, спортшы бұл оқиғаны не себепті әзілетсіз санайтынын әзірге айтуға дайын емес екенін білдірді.
"Бізге қатысты болған жайттардың барлығы жүз пайыз әділетсіз. Неге екенін айтпай-ақ қояйыншы. Бәлкім кейін бір айтармын. Бұл өмір, кейде бір нәрсені біліп тұра айтпаймыз. Сол сияқты.
Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Қаншама спортшы осындай оқиғадан кейін мансабын аяқтады. Біз мықтымыз, қолымыздан бәрі келеді. Жұмыс істеу керек. Маған спорт ұнайды.
Мұндай жағдай ауыр атлетикада алғаш рет болып тұр. Бұған дейін 2004 жылғы нәтижелерді тексергені болды. Алайда, ең ауқымдысы біздің еншімізде. 2000, 1996, 1998 жылдарды неге тексермейді онда? Сұрақтар жетерлік" , - деді Илья.

​​​
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2019 г. 638 0