Жастар кеңесінің көшпелі отырысы

Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінде аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Кеңесте ауданның барлық ауылдық округтерінен өкілдер болды. Сондай-ақ, ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен жастармен жұмыс жасайтын мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жастар кеңесінің ашылуында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Мемлекет бас­шысының Жолдауынан туын­дайтын міндеттер жайлы айта келе, қоғамның даму барысындағы жастардың орны мен жүктелетін міндеттер туралы әңгіме өрбітті.
– Еліміздің әлем алдын­дағы беделі айқын. Осы биік­ке көтерілуімізге барлық қоғам мүшелерімен қатар келе­шегіміз – жастардың ай­тар­лықтай үлесі бар. Алдағы уақытта жастар елдің өсуі мен ізгіленуіне белсенді атсалысуы керек. Бұл орайда мемлекет тарапынан қолдау көп. Осы мүмкіндікті әрбір талантты жас тиімді пайдалануы тиіс деп ойлаймын, – деді аудан басшысы.
Президент азаматтық қоғам­ды да­мытудың 2025 жыл­ға дейінгі тұжырым­дама­сын әзір­леп, алдағы жылы әл Фарабидің 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өтілетінін айтты. Ғұлама тұлғалардың еңбектерін халық арасында дәріптеуді үздіксіз жүргізе отырып, ең маңызды мереке – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына зор дайындықпен бару керек. «Ел өміріндегі осын­дай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатыны сөзсіз», – деді Әшім Оразбекұлы.
Жастар кеңесінің отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бағыттары аясында жұмыссыз жастарға көрсетілген қолдау шаралары барысы баяндалды. Та­лап­тан ауылдық окру­гінде мемлекеттік жастар саяса­тының жүзеге асырылуы, ал­дағы жылдың Еріктілер жылы болып жариялануына байланысты атқарылатын жұмыстар туралы сала басшыларының хабарламалары тыңдалды. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Алдабергенов, Талаптан ауылдық округінің әкімі А.Өмірәлі, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ш.Нығметов өз мәліметтерін жұртшылық назарына ұсынды.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2019 г. 284 0