Қызылорда облысында көлік қаққан 2 адам оқиға орнында мерт болды

 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық елді елді мекенінде көлік қаққан екі адам оқиға орнында мерт болып, біреуі медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға «Жаңақорған-Төменарық» тасжолында орын алған. Төменарық ауылының тұрғыны өзінің «Renault Logan» маркалы автокөлігімен абайсызда жол үстінде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, үшінші жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
«Қазіргі таңда автокөлік жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2019 г. 577 0