Қарашаның басында күн суытады - Қазгидромет

Синоптиктер 31 қазан-2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ресейдің Еуропалық бөлігінде кезекті циклон қалыптасып, белсенділігі артады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, онымен байланысты суық ауа ағындары Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына ығысады. Циклон және ауа ағындарының шығысқа қарай жылжуына байланысты жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел соғады, кей жерлерде бұрқасын болып, республиканың қалған өңірлерінде де көктайғақ болады.

«Соңғы күндері ауа температурасы климаттық нормадан 3…6°С, республиканың солтүстігінде 8…13°С жоғары болды. Синоптиктердің айтуынша, енді біртіндеп күн суытады. Болжам бойынша, қараша айының басында батыс өңірлерде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады», - делінген хабарламада.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2019 г. 501 0