Қазақстан Президенті Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыс етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті. «Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2019 г. 328 0