Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ-полицей Димаш Ниязовпен кездесті, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі.
Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында бірге түскен селфи суретін жариялады. "Димашты екіге көбейтсе не болады?", - деп жазды ол суреттің сипаттамасында.
"Ән айтатын полицей болады", - деді naziq.n есімді Желі қолданушы. "Ди Құдайбергеннің күзеті мықты. Dears Нью-Йоркте өтетін концерт үшін алаңдамайтын болды", - деп жазады eva_gennady. "Қазақстандық красавчиктер!", - деп жазды sara.zaochnyy.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтарының Telegram арнасында мәлім болды.
Димаш Ниязов - Нью-Йорк қаласының полицейі, Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Бруклин аумағында патруль қызметін атқарды. 2017 жылдың басында үздік полицей атанды. Сонымен қатар, ол кәсіпқой боксшы.