Полицейлер қысқы киім үлгісіне көшті

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі  Амитов Шамшидин Егенбердіұлының, департамент және қалалық полиция басқармасы жеке құрамының қатысуымен қысқы  киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті. Оның мақсаты – қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамының нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету.

Рәміздер алаңында  жеке құрам сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды. Саптық байқауды кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асылхан Абдреев басқарды.
 Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.

Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңа қосылған 10 жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Егенбердіұлы полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған әскери қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға қызметтерінде сәттілік тіледі.

Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен Қызылорда қалалық полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмағанбетов Жақсылық құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
 Қысқы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.

 

 

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2019 г. 466 0