Басқарманың 2019 жылғы 29 қазандағы №45-жқ санды бұйрығымен Бауыржан Оспанов облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Б.Оспанов 1986 жылы 3 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Алматы үздіксіз білім беру университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қадыр-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер болып бастаған. Сонымен қатар қала әкімдігінде жауапты қызметтер атқарған.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып келген.