« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
30-31 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Astana IT университетінде оқушылар арасында робототехникадан «IITU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионаты өтеді.
Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары робототехника саласындағы чемпион атану үшін бір сайыс алаңа жиналады. Бес ай бойы 30 мектеп өкілдері Arduino микроконтроллер негізінде екі роботты әзірлеумен айналысты, олардың негізгі мақсаты белгілі бір уақыт ішінде ойын алаңында берілген командаларды орындау, атап айтқанда: ақылды қала қызметіне көмектесу, нақтырақ айтқанда, қала тазалығын сақтау, саябақтардағы, шағын бақтардағы гүлзарларды күту, тез дайындалатын тағамдарды жеткізу, жүргізушісіз такси және гид қызметін көрсету.
Оқушылар арасындағы «IITU Robocon Games» жарысы дарынды жастарды анықтап ғана қоймай, робототехниканы дамытып, робот жасаудың халықаралық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді», – Инновациялық техникалық колледжінің директоры Медет Тұрғамбаев.
«Бес жыл ішінде робот жасау бойынша чемпионат жас қазақстандықтардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына өз үлесін қосты. Жарыстың көптеген қатысушылары қазақстандық және шет елдік жетекші ЖОО-на түсті. Чемпионатқа әр түрлі жастағы мектеп оқушылары қатыса алады және өздерінің ерекше роботтарын жасау кезінде қатысушыларда soft skills дағдылары қалыптасады. Қазіргі кезде оны болашақ дағдысы деп те атайды. Оған топта жұмыс істеу, жаңаша ойлау, қызметтік сауаттылық, өзгерістерге тез бейімделу және т.б. жатқызуға болады. Бұл – чемпионаттың негізгі мақсаттарының бірі»,- деп «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова мәлімдеді.
«Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасымен табысты ынтымақтастықтың 26 жылдығын атап өтудеміз»,деп «Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Қошпанова хабарлады. «Осы жылдар ішінде біздің әлеуметтік инвестицияларымыз ел азаматтарының әлеуетін дамытуға жұмсалды. Нақтырақ айтсақ, біз бірнеше жыл бойы техникалық білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын «IITU Robocon Games-ке» де демеушілік жасап ».
Arduino негізіндегі роботтарды жасау балаларға роботтарды құрастыру, электрониканы пайдалану және бағдарламалау дейінгі толық циклын үйретеді. Мұндай өңдеу Lego EV3 конструкторы негізінде роботтарды құрастырудан әлдеқайда күрделі және STEM-білім беру қағидаларына сәйкес келеді (S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, яғни жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика). Қазақстандағы STEM-білім беруді дамыту – «Шеврон» компаниясының басты мақсаттарының бірі.
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар, сондай-ақ Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде (ХАТУ) және Astana IT university-де (AITU) оқуға гранттар мен жеңілдіктер алады.
Ұйымдастырушы: «Зере-Жанашыр» жеке қайырымдылық қоры және Инновациялық техникалық колледж.
Серіктестер: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Astana IT university
Бас демеуші: «Шеврон» корпорациясы өз қызметін әлемнің 90-нан астам елінде жүзеге асыратын және мұнай-газ өнеркәсібінің барлық спектрінде жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. «Шеврон» Қазақстанның екі ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ акцияларының пакетіне ие. Корпорация Каспий құбыр консорциумындағы ірі жеке акционер болып табылады.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Astana IT university (Мәңгілік ел даңғылы, С1).
Ұйымдастырушылардың байланыстары:
Инновациялық техникалық колледжінің директоры
+ 7 (777) 807 54 27 Тургамбаев Медет Камалович
e-mail medet.turgambayev@gmail.com
АҚ ХАТУ «Мехатроника және зияткерлік жүйелер» лабораториясының меңгерушісі
+ 7 (775) 220 54 36; Кәрімжан Нұрлан Берлібекұлы
e-mail: nkarimzhan@iitu.kz
БАҚ аккредитациялау үшін:
+7 (775) 135 10 15 Сандугаш Сандыбаева
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |